USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Семейде грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнир өтіп жатыр

2020 жылғы 6 наурыз 20:10
Бөлісіңіз:
Семейде грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнир өтіп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнир жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаулық спортшы стритлифтингтен жаңа әлемдік рекорд орнатты Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчы хард төсенішінде өтеді Қазақстандық аса ауыр салмақтағы нокаутшы WBC титулынан айқассыз айырылды

Додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысуда. 200-ден астам спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Бүгін турнирдың салтанатты ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Бұл жарыс Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өтуде. Жақсылықты біздің ұлттық қазынамыз деуге болады. Жарқын болашақта мыңдаған жас спортшыларымыз әлемдік бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс жалауын желбірететіндігіне сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», - деді аймақ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT