Семейде газгольдерлерге қызмет көрсететін кәсіпорын құрылады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде газгольдерлерге қызмет көрсету бойынша коммуналдық кәсіпорын құрылады. Бұл туралы Ермак Сәлімов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта МКК құру бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментімен соңғы келіссөздер жүріп жатыр.

«Біздің қалада газгольдер көп. Олардың бір бөлігі жұмыс істесе, екінші бөлігі жұмыс істемейді. Газгольдерлер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық меншігі болғандықтан, біз жабдықтауға араласпаған болатынбыз. Жаңадан құрылатын кәсіпорын осы жұмыстармен айналысатын болады»,-деді қала əкімі Ермак Сəлімов.

Қалада 271 газгольдердің 88-і ғана жұмыс істейді. Істен шыққан 183-тің 55-ін ғана қалпына келтіруге болады.

Айта кетейік, газгольдер - таратқыш газ құбырларына газды жинақтау, сақтау немесе оны өндіру мен өңдеу, тұтыну құрылғыларына жеткізу үшін пайдаланылатын, болаттан жасалған тұрақты қоймалар.

Соңғы жаңалықтар