Семейде ғасыр жасаған 8 әже тұрады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Ел аналары» жобасы аясында жасы 100-ден асқан семейлік ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшелері мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері алғаш болып 102 жастағы  Зейнезаип Шүкшімбаеваның үйіне барды. Құрмет көрсетіп, сый-сияпаттарын табыстады. Екі ғасырдың куәсі болған, зұлмат жылдары аянбай тер төккен тыл ардагері Зейнезаип әжей шаңырағына арнайы құттықтай келгендерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

102 жастағы әже 1947-1982 жылдары Бесқарағай ауданында орман шаруашылығында қара жұмысшы болып еңбек еткен. Саналы ғұмырының бірнеше жылы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген кейуана бүгінде 2 баласынан 6 немере, 13 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.
null

"Соғысты да, жоқшылық пен аштықты да көрдік қой. Қазір заман бейбіт, тыныш. Құдайға тәуба. Біздер талай зобалаң жылдарды көрдік. Бүгінгі балалар бақытты. Бізде балалық шақ болған жоқ. Өмір бойы қара жұмыста еңбек еттік. Бірақ шүкір", - дейді тыл ардагері.

Мереке қарсаңында арнайы топ  жасы 100-ден асқан 8  әженің үйіне барып құттықтады. Шара партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобалары аясында қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар