Семейде Ертіске ағып кеткен 42 жастағы әйелдің денесі табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат -  Семейде суға кеткен 42 жастағы келіншектің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Еске сала кетсек, 24 маусым күні сағат 20.00-де қаладағы Бобровка саяжайы маңында Ертісте шомылып жүрген 1976 жылғы келіншек суға батып кеткен болатын.

 Бір апта әйелдің денесін судан іздеген құтқарушылар оны қаладағы Старая крепость ауданынан тапты. Ертістің ағыны марқұмды бірнеше шақырымға ағызып әкеткен. Мәйіт туыстарына тапсырылды.

«Барлық тұрғындардан белгіленбеген жерде суға түспеуді, балаларды қараусыз қалдырмауды өтінеміз. Оқыс оқиға кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Сондықтан өзенге демалуға барған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек», - дейді Семей қалалық суда құтқару қызметінің бас маманы Ринат Мұхтаров.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Семей өңірінде 3 адам суға кетіп, көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар