+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі төмендеуде

2020 жылғы 14 қаңтар 17:05
Бөлісіңіз:
Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі төмендеуде

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Ертіс өзенінің суы біртіндеп төмендеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖ басқармасына сілтеме жасап.

ТЖ басқармасында кеше кешке «Бейбітшілік» аралындағы екіпәтерлі жеке тұрғын үйдің ауласын су басу қаупіне байланысты екі отбасын қауіпсіз жерге көшірілгенін атап өтті. Олардың бірін қонақ үйге жайғастырса, екіншісі туыстарының үйіне барған. Қазіргі уақытта аталған отбасылардың бірі үйіне оралды, өйткені өзендегі су деңгейі түсе бастады.


«13 қаңтарда сағат 14:00-ден 14 қаңтар сағат 08:00-ге дейін су деңгейі 35 сантиметрге түскен және ол 452 сантиметрді құрайды», - деп түсіндіріп өтті басқармада.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні қала әкімі Ермак Сәлімов брифинг өткізіп, Ертістегі су деңгейі 478 сантиметрге көтерілгенін хабарлаған болатын. Сарапшылар түсіндіргендей, су деңгейінің көтерілуіне төменгі мұздың жиналуы себеп болған. Қала басшысы жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты ж едел штаб құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT