Семейде Ертіс өзенінің деңгейі көтерілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Ертіс өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар айында ауа райы жағдайына байланысты Семейдегі Ертіс өзенінде мұз қатты. Осыған дейін жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, өзендегі мұз тек желтоқсан айының соңында қататын еді.

«24 қаңтарда Ертіс өзенінде су деңгейі 363 см-ге дейін көтерілді. Департамент қызметкерлері дереу әрекет етіп, топырақтан бөгет орнатты. Су басқан тұрғын үйлер жоқ. Судың бәрі шалғынды жерге кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізді. Қосымша 120 текше метр инертті материал әкелінген.


Соңғы жаңалықтар