Семейде Ертіс өзеніндегі су деңгейі төмендеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытбек Байбұров осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей ақпарат орталығының мәліметінше, қалада жағдай тұрақтанған.

«Бүгін су деңгейі 445 см болды», - дейді Семей қаласының бас құтқарушысы.

Дүйсенбіде Бейбітшілік аралындағы үйлердің ауласын су басқандықтан, азаматтық қорғау қызметкерлері сегіз адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады. Бір отбасы «Семей» қонақ үйіне, ал екінші отбасы туыстарының үйіне жайғасты.

«Су деңгейінің күрт көтерілуі 11 қаңтарға қараған түні басталды, күндіз деңгей 92 сантиметрге көтерілді. 14 қантарда су деңгейі төмендей бастады. Семей қаласының әкімімен және тиісті қызметтермен бірге біз аумақты шарлап, мұзды жарудың қажеті жоқ деген қорытындыға келдік. Тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатырмыз», - дейді Бақытбек Байбұров.

Сондай-ақ, ол тұрғындар бүгін үйлеріне орала алатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар