Семейде Еркін Оранхаевты еске алуға арналған шахматтан рейтингтік турнир аяқталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Семейде танымал шеберлердің, халықаралық шахмат гроссмейстерлерінің және ФИДЕ майталмандарының қатысуымен «Semey Chess Open 2019» ашық турнирі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Рейтингтік турнирге Семей, Өскемен, Павлодар, Аягөз қалаларының шахматшылары, сонымен қатар халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлер қатысты. Турнир бағдарламасына сәйкес Евгений Егоров шетерлік сабағын өткізсе, халықаралық гроссмейстер Денис Махнев бірмезеттік ойын ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысында Семей қаласының тұрғыны Дамир Сафиулин үздік атанды. Ал ардагерлер санатында турнир жеңімпазы Нұхтар Егібаев болды. Екінші орын Архат Өтегеновке бұйырса, үздік үштік қатарынан Фархад Мансұров табылды. Қызлар арасында Зинаида Егунова чемпион атанды. Мектеп оқушылары арасында бірінші орын Михаил Егоровқа бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Арлан Абузяров пен Тимур Балмағамбетов бөлісті. Дәл осы санатта қыздар арасында Тоғжан Кірібаева жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Еркін Оранхаевқа еске алуға арналған турнир осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Жылдан жылға турнирдің мәртебесі артып, қатысушылар саны да ұлғая түсуде.

null

Соңғы жаңалықтар