+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Семейде екі көлік бетпе-бет соқтығысты

2021 жылғы 15 мамыр 00:37
Бөлісіңіз:
Семейде екі көлік бетпе-бет соқтығысты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Абай көшесінде екі көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды Өскеменде құтқарушылар гаражға қамалып қалған тұрғынға көмекке келді Ақтөбедегі жол апаты: Аман қалған мектеп директорларының жағдайы ауыр

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 мамырда сағат 16:35 шамасында болған. Абай көшесімен келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі алдындағы автокөлікке соғылмас үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Lada хray» көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан «Lada хray» көлігінің жүргізушісіне дәрігерлердің көмегі қажет болды. Ер адамға амбулаториялық ем тағайындалған. Ал «ВАЗ-2110» автокөлігін тізгіндеген қала тұрғыны мидың шайқалуы диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласында ұрланған көліктің апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT