+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен

2021 жылғы 23 ақпан 18:28
Бөлісіңіз:
Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде екі автобус кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады БҚО-дағы жол апаты: Тағы бір адам көз жұмды 1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

Абай көшесі бойымен келе жатқан бағдарлық автобустың 55 жастағы жүргізушісі Қайым Мұхамедханов көшесіне қарай бет алған. Алайда жүргізуші қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдамай, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан ол дене жарақатын алған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады.

Дәл сол күні тағы бір бағдарлық автобус Глинка көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Қыз жолдың жүру бөлігінен солдан оңға қарай, қозғалыс барысында өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», – деп түсіндірді қалалық полиция басқармасында.



Фото: «АҚО» ҚБ


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT