Семейде екі адамның көлігін алдап алған алаяқ ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі адамның көлігін сатып аламын деп алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 102 жедел арнасына 39 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан танымайтын ер адамның «ВАЗ» көлігін сатып алатындығын айтып сендіргенін жеткізді. Алайда алаяқ автокөлікті алғаннан кейін ақша төлемей, хабар-ошарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жарма ауданының 27 жастағы тұрғыны жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ ер адамның тағы бір жәбірленушіні алдағаны белгілі болды», - делінген ақпаратта.

27 жастағы семейлік әйел маусым айының соңында полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, жалған сатып алушы дәл осындай жолмен оның «ВАЗ» көлігін алдап алды. Зардап шегушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеден асты.

Ұсталған адам қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар