Семейде дүкеннің шатыры өртенді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Светофор» дүкенінің шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 қыркүйек күні сағат 11.15-те Кабельный переулок көшесіндегі дүкеннің шатырынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден №39 және №11 өрт сөндіру бөлімшелерінен 7 адам мен 2 автоцистерна жұмылдырылды. Олар сол жерге жеткенше дүкен келушілері сыртқа шығып үлгерген.

«Дүкеннің ағаш шатырын шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өртті сөндірушілер жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды толықтай сөндірді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Соңғы жаңалықтар