Семейде дүкен сатушысы 3,5 млн теңгенің телефонын жымқырған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында дүкен сатушысы 3,5 млн теңгелік телефондарды жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 44 жастағы ЖШС басшысы қоңырау шалған. Өз сөзінде ол 4-11 қазан аралығында дүкендегі 26 жастағы сатушының жұмыс орнында 5 дана ұялы телефонды жымқырып кеткенін жеткізді. Осының салдарынан келтірілген материалдық залал мөлшері – 3 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Белгілі болғандай, ол ұялы телефондарды ломбардқа өткізіп, ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар