+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Семейде домбырашы робот «Жыл таңдауы» атанды

2019 жылғы 13 желтоқсан 14:47
Бөлісіңіз:
Семейде домбырашы робот «Жыл таңдауы» атанды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде домбырашы роботтың авторлары «Жыл таңдауы – 2019» байқауында «Жас ғалым» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Марапаттау рәсімі «Жыл таңдауы – 2019» жастар форумы аясында өтті. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрбол Мақтаев пен Мирас Мұратқанов Семей әкімі Ермақ Сәлімовтің қолынан «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығын алды.


«Ұстазымыз Бақытбек Орынбаевтың басшылығымен жасалған жобамыздың жеңіс әкелгені үшін қуаныштымыз. Біз бүгін жұмысымыз елеусіз қалмайтынын сездік. Осы шараның ұйымдастырушыларына және осы форумға қатысуға кеңес берген жобаның жетекшісіне алғыс айтамыз», - деді мектеп оқушылары.

Қала әкімі балаларды жеңісімен құттықтап, табыс тіледі.

Еске салайық, Мирас пен Нұрболға домбыраның құлағында еркін ойнайтын роботты құрастыру үшін бір ай уақыт берілген.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT