Семейде «дерттен айықтыратын» емші ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде халық емшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халық емшісінің үстінен екі қала тұрғыны арыз берген. Олардың айтуларынша, өзін емшімін деген тұрғындардың ақшасын жымқырып жүрген алаяқ азамат. Ол  келушілерді дәстүрлі емес жолмен емдеген. Жол ашып, аурудан арылтамын деп уәде еткен.  Осылайша өз клиенттерінің сеніміне кірген «емші» бұл қызметі үшін қомақты қаржы талап еткен.  Ал емшінің арбауына түскен тұрғындар сұрағанын ойланбастан  ұстатып отырған.  

«2 шілде күні кешке Әуезов полиция бөлімшесіне 52 жастағы әйел 56 жастағы емші ер адамды жауапқа тарту туралы арызбен келді. Оның айтуынша азамат өзің халық емшісі ретінде таныстырып, тұрғындарды алдап жүр. Емші өзің бір айдың ішінде түрлі сырқатынан  сауықтыруға уәде беріп, 60 мың теңге алады. Және 43 жастағы тағы бір әйелден емдеймін деп 32 мың теңге алған. Алайда оның әрекеттері күдік туғызуда»,- делінген ішкі істер департаменті берген ақпаратта.

Жедел алдын алу шаралары кезінде «алаяқ» емші қолға түсті. Қазір үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар