Семейде «Coworking» және IT орталықтары ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында «Нұр Отанның»  партиялық жобаларын іске асыру аясында "Coworking" орталығы және IT- орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасы аясындағы "Coworking" орталығы Абай атындағы кітапхана жанынан ашылды.

Жастарға өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ашылып отырған орталық барлық қажетті  әдебиетпен және әдістемелік құралдармен, жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар жастарға интернет желісін пайдаланып кездесулерді, семинарларды, конференцияларды өткізуге толық мүмкіндік жасалған. 

nullСалтанатты ашылу рәсіміне  Әнуарбек Мұхтарханов, партияның Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері  және жастар қатысты.

«Коворкингтің ашылуы біздің жастарымыз үшін өте маңызды. Өйткені бұрын олардың көпшілігі өздерінің идеяларын жинап, талқылауға болатын тұрақты орындары болмады. Бұл өз жобаларын, бастамалары мен шығармашылық идеяларын іске асыру үшін қолжетімді, ыңғайлы аймақ. Кітапханалардың жаңа форматқа ие болуының маңызы зор. Аймақта интернет желісі қолжетімді, іс-шараларға арналған зал, сондай-ақ демалыс және шығармашылық аймақтары бар, жұмысқа қажетті барлық жабдықтар орталықта орналасқан.

Айта кету керек, бұның барлығы тегін, әрбір тұрғын келуі мүмкін», - деді Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханұлы.

Сондай-ақ, Семей қаласының электротехникалық колледжі базасында білікті мамандарды даярлау үшін соңғы ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа IT- орталығы ашылды. Жобаның қатысушылары цифрлық дағдылар мен заманауи бағдарлама жасауға оқытылатын болады. Бұл шаралар қаланың жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп құрылады.

Іс-шара аясында IT- орталығы аясында бірлесе жұмыс атқару мақсатында Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы және Семей қаласының электротехникалық колледжі араларында үш жақты келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар