Семейде былтыр 944 тұрғын баспаналы болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Семейде 16 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 944 тұрғын қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар алдында есеп берген қала басшысы Ермак Сәлімов қалада көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қарағайлы ықшам ауданында. Биыл тағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«Өткен жылы Қарағайлы ауданында жалпы алаңы 80,2 мың шаршы метр болатын 16 көппәтерлі тұрғын үй яғни, 944 пәтер пайдалануға берілді. Соның ішінде 2 жалдамалы үй, 11 несиелі үй, 3 коммерциялық тұрғын үй. Ал 2019 жылы 12 көпқабатты тұрғын үй, соның ішінде сатып алу құқығынсыз бір жалдамалы және 8 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деді Ермак Сәлмов.

Айта кетсек, қазірде «Қазақстан Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» Семей қаласындағы филиалы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қарағайлы ауданындағы жаңа пәтерлерді сатып алуға ниетті тұрғындармен келісімшарт жасасуда. Бүгінде 66 қала тұрғыны пәтер сатып аул жөнінде келісімшарт жасаған.

Соңғы жаңалықтар