Семейде бүлікшілердің полицейлерге жасаған шабуылының видеосы жарияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында бүлікшілердің полицейлерге шабуыл жасаған сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті Семейде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың заңсыз әрекеттері көрсетілген видео жариялады.

«Бұл видеотоптама 5 қаңтардағы бейнебақылау жүйелеріндегі және әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалды. Онда жүздеген агрессивті адамның тәртіпсіздіктері, тонау және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге жұмылдырылған полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасап, ұрып-соққаны көрсетілген. Сақшылар қаладағы құқықтық тәртіпті қорғап, заңсыздыққа қарсы әрекет етті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Террористік шабуылдардың жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдарға тойтарыс беру кезінде 128 полицей мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алған.



Соңғы жаңалықтар