Семейде биыл көпқабатты 3 үй мен балабақша қолданысқа беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде алдағы уақытта 90 көпқабатты үй мен ондаған әлеуметтік нысандар бой көтермек, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Семей қаласында «Қарағайлы» жаңа ықшам ауданында осы жылдың аяғына дейін 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, үлескерлер баспаналарына қол жеткізеді. Бұнымен қоса биылдан қалмай 320 орындық жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Бұл бағытқа шамамен 900 миллион теңгедей қаражат жұмсалып отыр.

Осы ретте, пәтерді сатып аламын деп ниет білдіріп отырған тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ауданның қазіргі ахуалын өз көздерімен көріп қайтты.

«Қарағайлыдан үй аламыз деп жоспарлағанымызға екі жылдай болды. Банк қорына 1,5 млн теңге ақша салып қойдық. Міне, енді үйлерді қарап шықтық. Барлығы өте қатты ұнады», -деді Әдемі Демежанова.

Айта кетейік, күн өткен сайын құлашын кеңге жайып келе жатқан аумақта алдағы уақытта 90 көпқабатты үй мен ондаған әлеуметтік нысандар бой көтермек.

Соңғы жаңалықтар