Семейде биыл 60 шақырымнан астам жол жөнделеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында осы жылы 60 шақырымнан астам жол жөнделіп, 50 жолға оң жақ бұрылыс жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде жол жөндеу жұмыстары басталды.

«Биыл 60 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ қала жолдарында 50 оң жақ бұрылыс жасалады. Қазіргі басты міндеттердің бірі – көлік көпірін реконструкциялау болып отыр», - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, бүгінде Семейдегі су желісі қайта жаңғыртылып, 17 қазандық жөндеуден өткізіліп жатыр.

Соңғы 3 жылда қаладағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға 11 млрд теңгеден астам қаражат жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылатындығын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар