Семейде биыл 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарлануда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында осы жылы 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Салия Жұмабаева мәлімдеді.

«2022 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 57,8 млрд теңге болатын 4 716 пәтер салынбақ. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 417,1 мың шаршы метрді құрайды. Жыл соңына дейін 256 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрғандар үшін Қарағайлы ықшам ауданынан 128 жалдамалы пәтер беріледі. Оның ішінде 32 көпбалалы отбасы, 71 әлеуметтік тұрғыда осал топтағылар, 25 жетім бала бар», - деді Салия Жұмабаева.

Бұдан бөлек, Семейде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 28 жер үй бой көтермек.


Соңғы жаңалықтар