Семейде биыл 35 көше жолы жөнделіп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде қала көшелерін грейдерлеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 35 көшеде грейдерлеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жауапты мердігер компания – «ОблШығысЖол» ЖШС.

Биыл қала көшелерін грейдерлеуге жергілікті бюджеттен 200 млн теңгедан астам қаражат бөлінген.

«Семей көшелеріне қиыршық тастар төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Комсомол және Ұшақтар кенттеріндегі көшелер де жоспарда тұр. Тағы 15 көшені грейдерлеу мәселесі қарастырылуда. Тұрғын үйлерден асфальт жолға дейінгі жолдарға қиыршық тастар төсеуге тырысамыз. Тұрғындар арасынан өтініштер түсіп жатыр», - деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Түсіпов.

Оның айтуынша, барлық жолдарды бірден грейдерлеу мүмкін емес. Сондықтан алдағы жылға жөндеуді қажет ететін көшелердің тізімі жасалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар