Семейде биыл 28 көшеге асфальт төселді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл басынан бері 28 көшеге асфальт төселді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар бойынша жолдарды асфальттау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 28 көшеге асфальт төселіп, 40-қа жуық көшеде грейдерлеу жұмыстары жүргізілген. Қала әкімі Бақытжан Байахметовтың айтуынша, бұл көшелер келесі жылы асфальтталмақ.

«Қазір Водный кентіндегі автобустың соңғы аялдамасына апаратын жолды жөндеу аяқталды. Жол реттелген кезде қоғамдық көлік қозғалысы тұрақтанады. Сондай-ақ мұнда №34 мектептің алдына балалар алаңы мен қоршалған шағын футбол алаңын орнату жұмыстары бітуге шақ қалды. Бұл жерге мен шілде айының басында, қала әкімі ретінде жұмысқа кіріскеннен кейін бірнеше күн өткен соң келген едім. Есімде, барлығы шөп өсіп кеткен бос жер еді», - деді ол.

Әкімнің сөзінше, осымен кентті абаттандыру жұмыстары аяқталмайды.

«Жергілікті тұрғындар маған жолды тегістеу, ағаш бұтақтарын кесу және көшет отырғызуды қажет ететін басқа учаскелерді көрсетті. Осы жұмыстар да міндетті түрде қолға алынатын болады», - деді Бақытжан Байахметов.


Соңғы жаңалықтар