Семейде бір күнде 443 заң бұзу дерегі тіркелді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде бір күнде 443 əкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Тағы бұрын жасалған 6 қылмыстың беті ашылды. Бұл «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы аясында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шараның бірінші күнінде 443 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылық 51 факті, қоғамдық орындарға масаң күйде келу 77 факті, ҚР тұру ережесін бұзу 45 факті анықталды, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдаланғаны үшін 32 хаттама толтырылды. Барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген қалалық полиция басқармасы таратқан мəліметте.

Сонымен бірге, Семей қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны азамат үстінен 12 хаттама толтырды.

Сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған 6 қылмысты ашты. Тыйым салынған затты заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 3 адам ұсталды. Оның бірі заңсыз есірткі сақтаған 61 жастағы қала тұрғыны. Ол 46,33 гр марихуанамен ұсталды. Жəне «Ертіс» бекетінде полиция қызметкерлерімен 1969 жылы туған азамат басқарған «Лада гранта» көлігінен ағаш қару тәркеленді. Сараптама қорытындысына сәйкес суық қару ретінде танылған. Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар