Семейде бір күнде 2 автобус жол апатына ұшырады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі автобус жол апатына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші жол-көлік оқиғасы кеше таңертең болған.

«Daewoo автобусының 55 жастағы жүргізушісі жанама жолдан Түктібаев көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып Toyota көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кері серпілген автокөлік темір қоршауды бұзып өтті» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ал түс кезіндегі екінші оқиғада қар тиеген КамАЗ автобуспен соғылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады полиция.


Соңғы жаңалықтар