Семейде бір аптада 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында бір аптада 2000-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Ондағы мақсат - жол-көлік оқиғаларын азайту, жол ережелерін бұзушылықтың алдын алу.

Шара барысында 2156 ереже бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде ең көбі - қауіпсіздік белбеуін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану.

«Мас күйде рульге отырған 19, қарсы бағытқа шығып кеткен 14, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 257 және маневр жасау ережелерін бұзған 169 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзудың 408 фактісі анықталды», - деді қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Әділбек Нығманов.


Соңғы жаңалықтар