Семейде беті қайтпай жатқан ірі орман өртімен 400-ге жуық адам күресуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде беті қайтпай жатқан ірі орман өртін ауыздықтауға 400-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 160 гектарды құрады.

«Жалынның беті әлі қайтпай жатыр. Өртті сөндіруге департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сол жерде 399 адам және 85 техника жұмыс істеп жатыр. Семей қаласында өрт қауіптілігінің бесінші деңгейі жарияланған», - делінген ақпаратта.

Алдын ала болжам бойынша, өрт найзағайдан шығуы мүмкін. Әуеден мониторинг жасау үшін «Ми-2» тікұшағы тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде орман өртеніп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар