Семейде бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖБ-ға сілтеме жасап.

Оқиға Жанасемей, 33 көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қалалық құтқару қызметіне пәтердің терезесінен бала құлады деген хабар түскен.

Ата-ананың қарауынсыз қалған бала үйдің астында орналасқан дүкеннің маңдайшасына құлағаны анықталды.

«Бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.

Еске салайық, Семейде 2017 жыл ішінде 3 бала терезеден құлап, зардап шеккен. Барлығы ауыр және орташа жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Адам өлімі тіркелмеді. 

Соңғы жаңалықтар