Семейде балалардың шығармашылық сарайы күрделі жөндеуден өтуде

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы балалар шығармашылық сарайы күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қалалық балалар шығармашылық сарайының жүзу бассейнінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ғимараттың шатыры мен желдету жүйесі ауыстырылды. Жөндеу жұмысына 237 млн теңге бөлінген.
Жауапты мердігер мекеме – «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС.
«Бүгінгі күні еден плиталары мен ғимарат шатыры ауыстырылып, сыртқы қабырғалары жөнделді. Бассейннің барлық техникалық бөлмелеріне жөндеу жүргізілді. Суды тазарту, желдету, жарықтандыру, су құбырлары мен кәріз жүйесі толықтай жаңартылды. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға жақын», – дейді «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС бас инженері Рымтай Сағындықов.
Айта кетейік, аталған жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Бүгінгі күні жұмыс 90%-ға аяқталды.
Жоспар бойынша нысан желтоқсан айының соңында пайдалануға берілмек.
- ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады
- Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО
-
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды
-
Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам