+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Семейде балалар үйінің түлектері мен көпбалалы отбасылар баспана алды

2019 жылғы 1 желтоқсан 15:35
Бөлісіңіз:
Семейде балалар үйінің түлектері мен көпбалалы отбасылар баспана алды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында балалар үйлерінің түлектері мен көпбалалы отбасылар баспана алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады Алматы облысында 22 мыңға жуық агрошаруашылық жұмыс істейді Алматы облысында ауылдағы 18 отбасы үйлі болды

Тұрғын үй Қарағайлы жаңа шағынауданында салынған. Қоныс иелеріне кілттерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов табыс етті.

Семей қаласының ақпараттық орталығынан мәлім еткендей, баспана балалар үйінің 27 түлегіне және көпбалалы 23 отбасына берілді.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл күнді еліміз үшін үлкен мақтанышпен атап өтеміз. Бүгін сіздерге жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған осы тамаша шағынаудандағы пәтерлердің кілттерін табыстаймыз. Жақында мұнда әлемдік деңгейдегі мәдени-спорт кешені ашылады. Балаларыңыз спортпен шұғылдануға тамаша мүмкіндік алады», - деді Даниал Ахметов.


Баспана алғандардың арасында көпбалалы ана Гүлжаһар Қоныспаева бар. Ол алты баланы тәрбиелеуде, алдағы жылы отбасында тағы бір бала дүниеге келеді.

«Мен облыс және қала әкімдігіне ризашылығымды білдіремін. Тұрғын үй кезегінде он жыл тұрдық. Бүгін міне, арманымыз орындалып, баспаналы болып жатырмыз. Барша көпбалалы отбасылардың өз үйлері болғанын қалаймын», - деді Г.Қоныспаева.

Ал балалар үйінің түлегі Берік Қайлыбаев үшін екі бөлмелі пәтер алатыны жөніндегі хабар күтпеген жағдай болған. Ол жұбайымен және бір жастағы ұлымен бірге шағын отбасылық жатақханада тұрып келген.

«Мен өте қуаныштымын. Кезекте 10 жыл тұрдым. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлығына үлкен рахмет!», - деп алғысын білдірді ол.


ШҚО әкімі Даниал Ахметов Б. Қайлыбаевқа пәтер кілтімен бірге теледидар сыйлады. Сондай-ақ, бұл сыйды көпбалалы отбасы Салтанат Қайырбекова да алды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT