Семейде балабақша бағасы қымбаттады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ата-аналар балабақшаға баратын әр баласы үшін енді 2 300 теңге артық төлейді. Өйткені қалада балабақша ақысы 12 500 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қалалық білім бөлімі мамандарының сөзіне қарағанда, бағаны өсірмеуге тырысқанмен соңғы уақытта азық-түлік бағасы қымбаттауы себеп болған.

«Қала әкімінің №7 шешіміне сәйкес 2017 жылғы 29 желтоқсанынан бастап балабақшалардағы төлемақы өсті. Өйткені ас мәзірі бойынша әр балаға кететін тамақ есептеледі», - дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері Данара Жүнісова.  

2017 жылы балабақшаларға арналған жаңа санитарлық нормалар мен ережелер қабылданған. Егер ақыны көтермесе бұл талаптар бұзылады. Сондықтан балаларды толыққанды тамақпен қамтамасыз етуге, ережелерді бұзбауға жол береді,-дейді мамандар.  

Жаңа ережеге сәйкес бүгінгі күні балалардың ас мәзірін орталық директоры өзі әзірлейді. Бұған дейін Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандары жүзеге асырып келген.

Бүгінде Семейде 55 балабақша бар. Оның  15-і мемлекеттік, қалғаны жеке меншік.  Барлығы 12 000 мың бала барады.    

Айта кетейік, балабақша ақысы соңғы рет қалада 2015 жылы көтірілген.   

Соңғы жаңалықтар