Семейде Әзілхан Нұршайықов пен Тұрсынғазы Рахимов көшелері пайда болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдің ​ екі көшесіне тарихи тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылы республикалық ономастикалық комиссия отырысында қаладағы Строительная көшесін әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың және Крупская көшесін Қазақстанның халық жазушысы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың есіміне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Бүгін қос көшенің салтанатты ашылуы өтті.

«Бүгін қаламызда халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов көшесі пайда болды. Әзаға өзінің еңбектерімен бірнеше буынды тәрбиеледі. Ең танымал шығармаларының бірі «Махаббат қызық мол жылдар» романы халқымыздың асыл қасиеттерін насихаттап, жастарға жарасымды өмір үлгісін ұсынды. Бүгінгі шара батыр бабамызды ұлықтаудың жарқын көрінісі. Осы игі бастаманы қолдап, көше атауын беруге мұрындық болған жанашыр жерлестерге зор ризашылық білдіремін»,- деді қала əкімі Ермак Сəлімов.
null

Жалпы қалада 1042 көше бар. Соның тек 382-сі ғана мемлекеттік тілде. Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен бұған дейін Ленин көшесі - Мәңгілік Ел, Полковничий аралы - Бейбітшілік аралы, Интернациональный көшесі - Қайым Мұхамедханов, Дальняя - Закария Белібаев көшесі болып өзгерген болатын.​

Айта кетейік 2018 жылы республикалық ономастикалық комиссия 7 көшені қазақтың ақын-жазушыларының есіміне ауыстыру туралы ұсынысты қолдады.
null

Алдағы уақытта қалған бес көше атап айтқанда Комсомольская көшесі - Жібек жолы, Кутузов көшесі - Ардагерлер көшесі, Колхозная көшесі - Берел, Социалистическая - Самал, Декабристов - Нұрсая көшесі болады.

null null null null

Суреттер Семей ақпарттық орталығынан алынды

Соңғы жаңалықтар