Семейде айыппұлын төлемеген жүргізушілермен күрес жүріп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде әкімшілік айыппұлдарын төлеуге асықпайтын жүргізушілермен күрес жүріп жатыр. Жол полициясы салынған айыппұлдарды бюджетке өндіру үшін «Айыппұл төле» акциясын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жыл басталғалы жол қозғалыс ережесін бұзған 13 мыңнан артық жүргізушіге хаттама толтырылған. Жалпы салынған айыппұл мөлшері 69 млн. 809 мың теңге. Бірақ бүгінгі күнге дейін аталған соманың тек 42 млн. теңгесі өндіріліп алынған. Семей қалалық ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Нұржан Қазымовтың сөзінше, жүргізушілердің тек 30 пайызы ғана ерікті түрде қарыздарын төлейді.
«Шараның мақсаты - айыппұлдарды қайтару. 40 күн ішінде төлеу керек. Егер олай істемесе біз сот орындаушылармен бірге жұмыстарға көшеміз. Жұмыс орнына еңбекақысынан ұстап қалу туралы өтініш береміз. Ал егер жұмыс істемесе іс сот орындаушыларға жөнелтіледі. База бойынша мәліметтер тексеріледі. Мұнда айыппұлдарды күштеп төлету қолданылады. Егер бар болса оның мүлкі, көлігіне тыйым салынады. Яғни, көлікті есептен шығарып сата алмайды және қайта рәсімдей алмайды»,-дейді Нұржан Қазымов.
Жол сақшылары рейд барысында айыппұлдарын бірнеше ай төлемеген жүргізушілердің тізімін құрып, көліктерін арнайы тұраққа қойды. Ал көлік тек қарызы төлегеннен кейін ғана қожайынына қайтарылады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қарызынан құтылуға асықпайтын жүргізушілердің тұрғылықты мекен-жайларын аралап, берешектерін өтеу керектігін ескертуде. Ал заң талаптарын орындамағандардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жөнелтіледі.
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді – Думан Сүлейменов
- Мүлік иелерінің бірлестігін қалай құруға болады: Алматы әкімдігі түсіндірді
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Қостанай облысында алимент төлеуден қашып жүрген екі адам қамауға алынды
-
ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам