Семейде әйел мен оның екі баласын қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әйел мен оның екі баласын қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізуші Морозов-Шевченко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған екі баласымен жолдан өтіп келе жатқан әйелді қағып кетті. Содан кейін ол тоқтамастан сол жерден із суытқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әйел адам мен оның 2 және 3 жастағы балаларына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісінің кім екендігін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.



Соңғы жаңалықтар