Семейде аязға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан білім алады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 29 қараша күні ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қатты аязға байланысты оқушылар онлайн оқиды.

«Екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының 1-11 сыныптары және колледждердің 1,2 курс студенттері қашықтан білім алады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін Семейдегі бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де онлайн оқыған.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО бірнеше ауданында екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитындығын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар