Семейде автотұрақ салмақ болған кәсіпкер 17 ағашты заңсыз кескен

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында автотұрақ салмақ болған кәсіпкер 17 ағашты заңсыз кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 қыркүйекте жанармай құю бекетінің жанында 51 жастағы ер адам 17 теректі заңсыз кескен. Анықталғандай, кәсіпкер қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен ешқандай рұқсат алмаса да, сол жерге автотұрақ салмақ болды.

«Аталған азамат 2021 жылдың 18 маусымында ТҮКШ бөліміне Бозтаев көшесіндегі ғимарат маңындағы 17 ағашты кесуге рұқсат беру туралы өтініш жазған. Алайда 23 маусымдағы жауапта «E.license« порталында көрсетілген қажетті құжаттар тізімі толықтай ұсынылмағандықтан оған рұқсат берілмеді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабы бойынша із қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар