Семейде автобус жүргізушісі есірткі қабылдап рульге отырған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының полиция қызметкерлері есірткі қабылдап рульге отырған автобус жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелген.
Оның ішінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін - 7 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған - 47, жылдамдықты асырғаны үшін - 14 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«20 қаңтар күні Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қабылдап рульге отырған автобус жүргізушісін ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтар аралығында жүргізілуде.
- Алматыда жыл басынан бері 150-ге жуық өрт тіркелген
- Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады
- Мектептегі буллинг оқушының білім алу қабілеті мен ынтасына кері ықпал етеді
- Қостанайда жол апатынан қаза тапқандардың саны жетеу болды
-
Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді
-
Футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастарының келемеждеуіне ұшыраған жасөспірім өзіне қол салды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам