Семейде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, автобус жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Оқиға 6 сәуір күні Қайым Мұқамедханов көшесінде болған.

«Белгілі болғандай, жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болды. Сол кезде қоғамдық көлік жүргізушісі абайсызда оны қағып кеткен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп жетті. Жаяу жүргінші аман-есен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережесін бұзған 23 жастағы жігіт кінәлі деп танылды. Шаһар тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылған.


Соңғы жаңалықтар