Семейде аутизмге шалдыққан 7 бала мектеп табалдырығын аттайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде аутизмге шалдыққан балаларға арналған псиxологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері әлі күнге дейін тапшы. Ал 2015 жылы ашылған «Жарқын болашақ» оңалту орталығы бүгінде өз нәтижесін беруде. Биылғы оқу жылында аутизмге шалдыққан 7 бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі күні орталықта ерекше күтімді қажет ететін 40 бала бар. Олар 3-тен 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. 2015 жылдың қыркүйегінде ашылған аталмыш оңалту орталығы аутизмдық спектордың бұзылуы, психикалық және тілдік кешігуі бар балалармен жұмыс жасайды. Логопед, психолог, әлеуметтік қызметкерлер келген баланың мінез-құлықына байланысты әртүрлі әдіске негізделген оңалту жұмыстарын арнайы кестеге сәйкес жүргізеді. Осының нәтижесінде балаларды әлеуметтік ортаға бейімдейді. Биыл орталықта тәрбиеленген 7 бала мектеп табалдырығын аттамақшы.

«Орталыққа келгенде сөйлей алмайтын балалар болды. Бірақ қазір балаларымыздың барлығы сөйлей алады. Психологтар мен логопеттер тілді дамытуда үлкен жұмыстар атқарады. Осы жылы 7 баламыз №4 мектептің 1 сыныбына барады. Ол балалар жаңа ортаға үйренгенінше тәрбиешінің бақылауында болады. Балаларымыздың осындай жетістіктері біз үшін жеңіс» - деді «Жарқын болашақ» орталығының директоры Арайлым Әлімжанова.

Соңғы жаңалықтар