+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімі берілді

2021 жылғы 8 сәуір 12:18
Бөлісіңіз:
Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімі берілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат. Семей қаласында атауы жоқ даңғылға ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 50-ден астам фактісі тіркелді ШҚО-да қар еріп, су деңгейі көтеріле бастады

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысының жобасы дайындалды.

«Семей қаласының Қарағайлы ықшамауданындағы атауы жоқ даңғыл Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталсын», - делінген құжатта.

Айта кетейік, даңғыл Қарағайлы ықшамауданындағы «Семей-Павлодар» тасжолынан бастау алады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан.

Осыған дейін Семейде атауы жоқ даңғылға Елбасы есімін беру ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT