Семейде әскери қызметшілер балалар үшін мұз қалашығын салды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – «Шығыс»өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері балаларға арнап мұз қалашығын салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Жастық» әскери қалашығы аумағында әскерилер мұздан лабиринт және ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасады.

«Мұз қалашығы жыл сайын салынады. Бұндағы мақсат – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Оны гарнизонның әскери бөлімдерінің жеке құрамы жасады. Қалашыққа жүз текше метрден астам қар мен екі жүз текше метр су жұмсалған», - делінген ақпаратта.

Салтанатты ашылу рәсіміне екі мыңнан астам бала қатысты. Олар үшін мерекелік бағдарлама, ыстық шай және жылыту орындары әзірленген.


Соңғы жаңалықтар