Семейде әскери қызметкер күйеу баласын пышақтаған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей гарнизоны әскери соты туған күйеу баласына пышақ салған əскери қызметкерге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери қызметкер қарындасының күйеуімен әңгімесі жараспай соңы жанжалға ұласқан. Ал ашуға булыққан қайын ағасы күйеу баласының кеуде тұсынан пышақ салған. Осылайша оның денсаулығына ауыр дәрежедегі залал келтірген. Абырой болғанда, жапа шегушіні дəрігерлер аман алып қалды.

Қылмыстық істі қараған Семей гарнизоны әскери соты азаматты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Сот үкімімен әскери қызметкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63 бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналады. Үкім заңды күшіне енген жоқ",-деді Семей гарнизоны іскерм сотының бас маманы Жамал Бекенова.

Соңғы жаңалықтар