Семейде анасы екі баласымен бірге коронавирус жұқтырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде жұқпалы індетке шалдыққандар саны 3920-ға жетті. Оның ішінде Семейде жаңа 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде COVID-19-дың тағы 3 фактісі расталды. Нақты айтсақ, 2003 және 2012 жылғы екі ұл мен олардың 1982 жылы туған анасы вируске шалдыққан. ⠀

«2 мамыр күні отбасы мүшелері дене қызулары көтеріліп, денсаулық жағдайлары нашарлаған соң учаскелік дәрігерді үйге шақырған. Алгоритмге сәйкес, науқастардан дереу коронавирусқа сынама алынды. Сынама нәтижесі оң болып шықты. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташа. Олар шет мемлекеттерге шықпаған. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда», - деп хабарлады әкімдіктен.⠀

Айта кету керек, осы уақытқа дейін өңірде 29 коранавирус жұқтыру жағдайы тіркелген.


Соңғы жаңалықтар