Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі басталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық артисі, Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруда.

Фестиваль танымал актриса, қазақтың Қыз Жібегі - Меруерт Өтекешовамен БАҚ өкілдерінің арасында ашық пікір алмасуымен басталды.

Жиын барысында сөз алған құрметті қонақ Қазақстан театрлары ассоциациясының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымының докторы, Асхат Маемиров: «Әмина Өмірзақова театр және кино өнерінде жанр таңдамаған актриса. Қазіргі таңда өнер зерттеушілердің алдында үлкен мақсаттар жатыр. Атап айтсам, ол Әмина Өмірзақова туралы докторлық, магистрлік диссертация қорғау. Апамыздың театрдағы рөлдері өз алдына бір төбе, кинодағы образдары өз алдына бір төбе. Өткізілгелі отырған республикалық театр фестивальде классикалық әлемдік шығармалардан бастап, қазақтың Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев сынды тұлғалардың шығармасын сахнада сөйлететін болады»,-деді.

Сонымен қатар ол Ермек Аманшаевтың, Бауыржан Жақыптың, Ерсайын Төлеубай сынды отандық авторлардың да шығармалары қатысатынын айтты.

«Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан театр ассоциациясы осы фестивальді Әмина апамызға арнар кезінде көздеген мақсаты - Қазақстандағы театрлардың тыныс-тіршілігі, көркемдік келбеті қай бағытта өзгеріп жатқандығына назар аудару еді. Қазір Қазақстан театрлары шетелге көптеп шығуда. Халықаралық аренада еңсесі биік абыройы үстем. Себебі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бірнеше халықаралық деңгейде жобалар өткізіліп жатыр. Осы фестиваль да өз мақсатына жетеді. Семей театры кезінде үлкен театр болды. Қазір осы шаңырақта үш театр шығармашылық үндестікпен бас қосқан. Атап айтсақ, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Достаевский атындағы орыс драма театры, «Дариға-ай» жастар театры. Сондықтан бұл жерде театр дәстүрі тамырын терең жайған деп есептеймін,» - деді ғалым.



Соңғы жаңалықтар