Семейде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың рухани астанасы - Семей шаһарында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналған халықпен бірге Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ғарифолла Есім мен проректоры Дихан Қамзабекұлы, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов т.б. қатысты. Ұлт көсемінің рухына тағзым етуге жиналған белгілі жазушылар мен ақсақалдар ізгі тілектерін білдірді.
null

«Бұл ескерткіш өскелең ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің бостандығы үшін жанын пида еткен көсемдердің рухтарына тағзым ететін, Тәуелсіздіктің қандай ұғым екенін түсінетін, бостандықтың не екенін білетін адамдардың киелі орнына айналары сөзсіз», - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай үлкен шаралар ұйымдастырылған. Ал, ескерткіш жобасын осы шараларға жауапты республикалық комиссия қабылдаған.
«Сол комиссияның шешімімен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Бақытбек ағамыздың эскизі қабылданып, бүгін ескерткіштің ашылуына куә болып отырсыздар. Мен бүгін тарихи әділдіктің жеңген күні деп ойлаймын», - деді Нұрымбек Сақтағанов.

null
Сонымен бірге, ескерткіштің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ермак Сәлімов ұлттың рухын асқақтату тұрғысында аса маңызды күн екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгін арман ақиқатқа айналған, Алаштың қыраны тұғырына қонған күн.
Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алаштың 100 жылдығын қалай тойлау керектігі жөнінде республикалық жоба қабылдаған. Семейде осы жоба арқылы барлық жоспарланған шаралар жүзеге асатын болды. Осы ретте Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің ресми ашылғаннан кейін, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек. Сонымен бірге, Алаш қайраткерлеріне арналған жаңа экспозициялық көрме Абай музейінде өткізіледі.

null

null

Соңғы жаңалықтар