Семейде алғаш рет тізе буынына ота жасалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде алғаш рет тізе буынын эндопротездеу отасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

« 2016-2019 жылдардағы денсаулық» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет тізе буынын эндопротездеу отасы жасалды. Бұған дейін мұндай күрделі отаны науқастар тек шетелде жасатып келген. Отаны Семейдегі мемлекеттік медицина университетінің ректоры, жоғары деңгейлі травматолог-ортопед Ерсін Жүнісовтің басшылығымен университеттің мамандары жасады. 

null 

Ота жасалған 69 жастағы қала тұрғынына тізе буынында болатын артроз диагнозы қойылған. Ота кезінде сүйектің шеміршектері кесіп алынып, орнына титанды қыстырма орнатылды. Титанды қыстырма тізе буындарын қозғауына, жүріп-тұруына мүмкіндік береді.
«Біз науқастың тізе буынын тұтастай медициналық цемент қоспасымен әзірлеп эндопротездеу отасын заманауи технологиялар арқылы жасадық. Бүгінгі нарық заманында шетелге барып, мұндай ота жасатуға әркімнің жағдайы келмейді. Ота сәтті аяқталды. Енді 2 айда науқас еш қиындықсыз толық жүріп, белсенді өмірге қайта оралатын болады»,- деді Ерсін Жүнісов.

null 

Соңғы жаңалықтар