Семейде әлеуметтік осал топ санатында 105 мыңнан астам адам тұр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әлеуметтік осал топ санатында 105 мыңнан астам адам тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев әлеуметтік осал топтағыларға қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтып берді.

«Семейде 2660 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық тауарлар түріндегі 36 мыңнан астам кепілдендірілген әлеуметтік пакет жеткізілген. Жалпы, қазіргі таңда шаһарда халықтың әлеуметтік осал топтары санатында 105 мыңнан астам адам тұр», - деді ол.

Мұрат Құржықаевтың айтуынша, жыл басынан бері табысы төмен азаматтарға қосымша тұрғын үй жәрдемақысы бөлінуде. Өткен жылы 1084 отбасына осындай жәрдемақы берілген.

Сонымен қатар ол мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Мүгедек азаматтар техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуде. 2010 жылдан бастап қалада жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік маңызы бар объектілерге жеткізу бойынша «Инватакси» қызметі іске қосылған. Қызметті тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-2 топтағы мүгедектер пайдалана алады», - деді бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар