Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын 8 павильон жұмыс істеп тұр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын 8 павильон жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Кәсіпкерлер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әмина Сыздықованың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына күн сайын мониторинг жүргізілуде.

«Бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда нысандарының басшыларымен 15%-дан аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы меморандум жасалды. Аймақтық тұрақтандыру қорымен қала үшін 3100 тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынған. Соның ішінде картоп – 1500 тонна, көкөністер – 1600 тонна. Жалпы Семейде бүгінде тұрақтандыру қорының 8 павильоны жұмыс істеп тұр», - деді Әмина Сыздықова.

Павильондар келесі мекенжайларда орналасқан: Әуезов даңғылы («Семей» сауда үйінің жаны), Шығыс кенті («Қамбар» дүкенінің жаны), Энергетик кентіндегі аялдама жанында, Юность көшесі (№ 9 үйдің жанында), 342-квартал («Мереке» дүкенінде), 14-ықшам ауданы (Школьная көшесі 1б үйінің жанында), Би Боранбай көшесі («Дина» дүкенінде), 1-ықшам ауданы («Шаңырақ» дүкенінің жанында).


Соңғы жаңалықтар