Семейде алаяқтық жасап, 8 млн теңгені қалтаға басқан әскери қызметші сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей гарнизоны әскери сотында алаяқтық жасаған әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабы 3-бөлігі 1,3 тармақшаларында (ірі көлемдегі алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылды.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында бойжеткенмен танысады. Оның сеніміне кіргеннен кейін алаяқтық жолмен зардап шегушінің 2 975 490 теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен алтын бұйымдарын алып қойған. Айыпталушы алдағы тойға дайындық мақсатында машина сатып алу және неке жүзігін жасату үшін азаматшадан ақша алып тұрған. Сотталушы барлық қаражатты өз қажеттілігіне жаратқан.

Сондай-ақ, ол бірге қызмет етуші әріптестерінен де түрлі сылтау айтып, жалпы сомасы 5 401 920 теңгені иемденген.

Сот айыпталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар