Семейде алаяқ тұрғындарға миллиондап несие алғызған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 14 адам алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алданып қалғандар сан соғып қалғандарын және бұны тым кеш түсінгендіктерін айтып, ІІБ-не арыз түсірген.

Жедел іздестіру шаралары кезінде 34 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ол жалпы сомасы 8 млн теңгені құрайтын 14 несиелік алаяқтық іске қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Оның ресми түрде кірісі туралы ақпараты болмағандықтан өз таныстарынан несие рәсімдеп беруін өтінген. Ал ай сайынғы төлемді уақытынан кешіктірмей төлеп отыруға уәде еткен. Алайда қолына ақшаны алғаннан кейін ізін суытқан.

«Қолға түскен азаматшаның үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша із қозғалды. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталып, материал сотқа жөнелтілді»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар